Ағымдағы жылдың 05 – 11 тамыз аралығында Ұлан ауданы аумағында қоғамдық тәртіптің тиісті деңгейін қолдау, көшелердегі, аулалардағы және өзге де қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу мақсатында «Қауіпсіз аула» және «Быт» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
ЖПІШ-ті өткізу кезеңінде:
- суық қаруды және өзге де тыйым салынған заттарды заңсыз алып жүруді анықтау;
- ішу немесе қоғамдық орындарда масаң күйде пайда болу, сондай-ақ түнгі уақытта тыныштықты бұзу фактілерін анықтау;
- кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта көшеде, ойын-сауық мекемелерінде (түнгі және компьютерлік клубтарда) немесе үйден тыс болуы фактілерін анықтау;
- белгіленбеген жерлерде сауда жасау, оның ішінде
заңсыз сауда жасау, сондай-ақ қоғамдық орындарда тиісу фактілерінің жолын кесу;
- қоғамда ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдау;
- тиісті ақпаратты мемлекеттік кірістер органдарына
жолдай отырып, жалға берілетін пәтерлерді, үй-жайларды және үйлерді анықтау және олардың тізімі құрылатын болады.
