Қауiпсiздiк адамға оның тамаққа, суға, киiмге, тұрғын үйге қажеттiлiгiмен бiрге ең басты қажеттiлiк болып табылады. Тұрғын үйде болған өрт — бұл үлкен дерт. Өрт өз жолында бәрiн құртады, бiрнеше секундта адамдар баспанасынан, жылдар бойы жинаған мүлiктен, ал кейде ең бастысы — адам өмiрiнен айырылады. Статистикаға сүйенсек, бiр жыл iшiнде өрттердiң көбi тұрғын үй секторында болады.
Бұл өрт кезiнде көбiнесе адамдар зардап шегедi және жарақат алады. Адам факторы тұрғын үйде болатын барлық өрттердiң себебi болып табылады. Өрт үлкен материалдық шығынға әкеп соқтырады, және көбiнесе адам өмiрiнiң қиылуына әкеледi. Сондықтан өрттеу қорғау қоғамның әрбiр мүшесiнiң басты мiндетi болып табылады, профилактикалық шаралар жалпы мемлекеттiк масштабта өткiзiледi.
Бүгiнде тұрғын үйлер мен пәтерлер тұрғын үйлерде өрттiң туындау мүмкiндiгiн арттыратын жанатын заттармен, синтетикалық құралдармен және әртүрлi тұрмыстық техникамен жабдықталған, тiптi кiшiгiрiм алау синтетикалық материалдардың жануы кезiнде улы газдар бөлетiндiктен адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiптi болады.
Өмiрдiң жоғары ритмi, әрдайым уақыттың жетiспеуi — бұл барлық факторлар тұрғын үй секторында өрттiң туындау тәуекелiн арттырады. Өрттiң туындауының себептерiн зерттегенде, өрттiң негiзiгi себептерi болып анықталды: сөнбеген жылыту құралдары, өздiгiнен жасалған жылытқыштарды пайдалануы, мас күйiнде төсекте шылым шегуi, балардың отпен ойнауы.
Өрт арқашан әлеуметтiк бейiмсiз және сәтсiз азаматтардың кесiрiнен пайда болады. Мұндай адамдар әрқашан мерекелердi өткiзуге жақсы көредi, содан кейiн өздерiнен қалған шылымдарды тастайды және электр құралдарын сөндiрмей ұйықтап қалады.
Жарма ауданының ТЖ бөлiмiнiң қызметкерлерi, азаматтарды өрт қауiпсiздiгiнiң қарапайым ережелерiн орындауға шақырады. Сiздiң қауiпсiздiгiңiз Сiздiң қолыңызда. Өрт сөдiру қауiпсiздiгiн сақтап, сiз өз үйiңiздi, өмiрiңiздi сақтайсыздар.

Жарма ауданы ТЖБ-і