2021 жылдың 31 тамызында  Өскемен қаласында   терроризмге қарсы жаттығу өткізіледі

2021 жылдың 31 тамызында  Өскемен қаласында   терроризмге қарсы жаттығу өткізіледі

Оқу - жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілерде террористік жағдайдың өрбуіне байланысты жедел қимылдау шаралары пысықталады.

Сонымен қатар, бірқатар шектеу шаралары, соның ішінде көлік құралдарының қозғалысындағы шектеулер қарастырылған.

Өскемен қаласы  тұрғындарын уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдардың заңды талаптарын сақтауға шақырамыз.

Терроризмге қарсы Шығыс Қазақстан облыстық жедел штабы.