Мемлекеттік кірістер органдарының құрылу тарихы

Мемлекеттік кірістер органдарының құрылу тарихы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті біріктіру жолымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті болып ұйымдастырылды. Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомстволарының бірі болып табылады.

Қазақстан республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті орталық атқарушы органның құзыреті шегінде кеден ісі саласындағы реттеуіш, іске асыру және бақылау функцияларын, салықтардың, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақытында түсуін, міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеуді, ұстауды, аударуды, әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді, этил спирті мен алкоголь өнімінің, темекі өнімдерінің өндірілуін, айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады., Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізуге, оларды Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағы бойынша кедендік бақылаумен тасымалдауға, уақытша сақтауға, кедендік декларациялауға, кедендік рәсімдерге сәйкес шығаруға және пайдалануға байланысты қатынастарды Қазақстан Республикасында кедендік реттеуді әзірлеуге және іске асыруға қатысады. , Мемлекеттік кіріс органдары мен аталған тауарларды иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығын іске асыратын тұлғалар арасындағы билік қатынастарын, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу жөніндегі функцияларды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің аумақтық органдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарына қосу жолымен қайта ұйымдастырылды.

Мемлекеттік кірістер комитетіне кіретін аумақтық органдар ҚР Үкіметі құратын және тарататын мемлекеттік мекемелер нысанындағы заңды тұлғалар болып табылады, оларға: облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттері, кедендер, мамандандырылған кеден мекемелері, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша және арнайы экономикалық аймақтардың аумақтары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармалары жатады.

Катон-Қарағай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы