Шығыс-Қазақстан облысының әкімдігі «Алакөлдің жағалауында 4 (немесе 3) жұлдызды қонақ үй құрылысының үздік жобасы» байқауын (бұдан әрі - байқау) жариялайды.
Байқау комиссиясының қарауына байқау ережесіне сәйкес белгіленген тәртіпте қатысуға өтінім берген жеке кәсіпкерлерден немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден немесе акционерлік қоғамдардан құжаттар қабылданады.
Байқау құжаттамасы ШҚО, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40, 120-кабинет мекенжайы бойынша қабылданады.
|
№ исх: 03-12/700 от: 05.08.2019 № вх: 03-12/700 от: 06.08.2019 |
«Алакөлдің жағалауында 4 (немесе 3) жұлдызды қонақ үй құрылысының үздік жобасы» байқауының ережесі
2) бағалау критерийлері – осы Ережемен белгіленетін, жоба сәйкес болуы тиіс критерийлер;
3) үздік жоба – байқау комиссиясы айқындаған үздік жоба;
4) байқау қатысушылары – байқауға қатысуға өтінім берген жеке кәсіпкер немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік немесе акционерлік қоғам;
5) қатысуға өтінім – байқауға қатысу үшін байқау комиссиясына осы Ережемен белгіленген мерзімде және тәртіпте кәсіпкерлермен (ЖК немесе АҚ немесе ЖШС) ұсынылатын өтінім;
6) байқау комиссиясы – Шығыс-Қазақстан облысының әкімінің өкімімен бекіткен, үздік жобаларды анықтайтын комиссия;
7) банк – қызметін Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк;
8) инвестициялық алаң – инвестициялық жобаларды (қонақ үйілер құрылысы) жүзеге асыру үшін Алакөл жағалауында арнайы бөлінген орын (60 Га)
2.1. Байқауға қатысуға белгіленген тәртіпте қатысуға өтінім берген, сондай-ақ, ауыртпалығы мен салық қарызы жоқ жеке кәсіпкерлер немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер немесе акционерлік қоғамдар жіберіледі.
Осы Байқау аясында қатысу өтінімдері үш лот бойынша қарастырылады:
1) инвестициалық алаңның бірінші жолағында бір (линия) 4 жұлдызды қонақ үйінің құрылысы;
2) инвестициалық алаңның екінші жолағында бір (линия) 3 жұлдызды қонақ үйінің құрылысы;
3) инвестициалық алаңның үшінші жолағында бір (линия) 3 жұлдызды қонақ үйінің құрылысы;
Байқауға әр қытысушы бір немесе екі немесе үш лот бойынша қатысу өтінімдерін ұсына алады.
2.2. Байқауды өткізу туралы хабарландыру облыстық деңгейдегі мерзімдік баспа құралдарында, сондай-ақ, облыс әкімінің, ШҚО туризм және сыртқы байланыстар, ШҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармаларының ресми интернет ресурстарында байқауды өткізу басталғанға дейін кем дегенде бір ай бұрын (30 күнтізбеліккүн) жарияланады және мыналарды қамту керек:
1) Байқауды өткізу мерзімдері;
2) құжаттарды қабылдау орны мен мерзімдері;
3) осы Ереже.
2.3. Байқауға қатысу үшін осы Ереженің 2.1 тармағында көрсетілген тұлғалар келесі құжаттарды тапсырады:
2.4. Байқау комиссиясының қарауына «Инвестициалық алаңның _______ (жолақтын нөмірін көрсету қажет) жолағында _______(жұлдыздық санатын көрсету қажет) жұлдызды қонақ үй құрылысы бойынша өтінім» белгісі бар конвертте осы Ереженің 2.5. тармағына сәйкес, белгіленген мерзімде ұсынылған қатысу өтінімдері (құжаттар) қабылданады.
2.5. Қатысу өтінімдері ШҚО, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40, 120-кабинет мекенжайы бойынша осы Ереженің 2.2. тармағына сәйкес, байқау өткізу туралы өңірлік денгейдегі мерзімді баспа құралдарында соңғы рет хабарландыру жарияланған сәттен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.
Өтінімдерді қабылдау - жұмыс күндері 13 сағат 00 минуттан 14 сағат 30 минутқа дейінгі үзіліспен 9 сағат 00 минуттан 18 сағат 30 минутқа дейін жүргізіледі.
2.6. Ұсынылған құжаттар негізінде байқау комиссиясының хатшысы Байқау қатысушыларын тіркеуді жүргізеді. 2.3 тармағының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10 тармақшаларында көрсетілген құжаттары жоқ және осы Ережеде көрсетілген талаптарға сай келмейтін өтінімдер қабылданбайды, ол туралы Байқау қатысушыларын тіркеу журналында сәйкес жазба жасалады.
2.7. Байқауға қатысу өтінімдерінің көшірмелерін хатшы Байқау қатысушыларынан өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін 2 жұмыс күні аралығында танысу үшін және бағалау үшін байқау комиссиясының мүшелеріне жібереді.
3.1. Үздік жобаны анықтау мақсатында байқау комиссиясы Байқау қатысушыларының жобаларын осы Ережесінің 2-қосымшасына сәйкес, бағалау парағын толтыру арқылы, 0-10 балдық шкала бойынша, келесі критерийлерге сәйкес бағалайды:
1) қонақ үйдің сәулеттік дизайны/эскизі;
2) қонақ үйдің туристерге арналған қосымша қызметтерінің болуы;
3) жобаны жүзеге асыру бойынша бизнес-жоспардың әзірлену сапасы;
4) жобаны жүзеге асыру бойынша жан-жақты қадамдық жоспардың (жол картасының) әзірлену сапасы;
5) жобаны жүзеге асыру бойынша жан-жақты қадамдық жоспарда «сапа менеджменті жүйесін енгізу» тармағының болуы (аталған критерий 0-1 балдық шкала бойынша бағаланады);
7) «Туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2008 жылғы 11 қарашадағы № 01-08/200 Бұйрығына сәйкес, қонақсүйдің «төрт немесе үш» жұлдыз санатына сәйкестігі;
8) Қазақстан Республикасының «Тез бейімделмейтін топтар үшін ғимараттар мен имараттардың қолжетімділігі» құрылыс нормасына (ҚР ҚН 3.06-01-2011) және Қазақстан Республикасының «Ғимарттар мен имараттарды халықтың қимылы шектеулі топтары үшін қолжетімділіктің есебімен жобалау» ережелер жинағына (ҚР ЕЖ 3.06-02-2012) сәйкестігі;
9) бас жоспар.
4.1. Байқауды өткізу үшін Шығыс-Қазақстан облысы әкімінің 2019 жылғы 6 қарашадағы №119-р өкімімен байқау қатысушыларының өтінімдерін бағалау және үздік жобаны таңдау бойынша байқау комиссиясы құрылды.
Байқау комиссиясы қызметінің негізгі ұстанымдары кәсіпкерлер үшін бірдей жағдай жасау және оларға қойылатын талаптардың біртұтастығы, ұсынылатын құжаттардың жан-жақтылығы мен толықтығы, қабылданатын шешімдердің объективтілігі болып табылады.
4.2. Байқау комиссиясының құрамына төраға мен байқау комиссиясының мүшелері кіреді.
Байқау комиссиясының хатшысы байқау комиссиясының отырысын, атап айтқанда, төрағамен келісе отырып, отырыстың өтетін орнын, күні мен уақытын ұйымдастыруды жүзеге асырады, алдағы отырыс туралы комиссия мүшелерін хабардар етеді, отырысты өткізу үшін қажетті материалдарды оның мүшелеріне жеткізеді.
Байқау комиссиясының хатшысы (ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы) оның құрамына кірмейді және Байқау қатысушыларының өтінімдерін бағалауға құқығы жоқ.
4.3. Байқау комиссиясының мүшелері толтырылған бағалау парақтарын (қолдарымен куәландырылған) Конкурсқа қатысуға өтінім алынғаннан кейін 5 жұмыс күн аралығында Байқау комиссиясының хатшысына жібереді.
5.1. Байқау жеңімпазын анықтау бойынша байқау комиссиясының отырысы Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін 12 жұмыс күні аралығында жүргізіледі.
5.2. Байқау комиссиясы отырысының нақты күні мен өткізілетін орны осы Ереженің 4.2. тармағына сәйкес бекітіледі.
5.3. Байқау комиссиясының шешімі байқау комиссиясы мүшелері санының жартысынан кем емес бағалау парақтарындағы балдарды есептеу жолымен қабылданады. Балдар тең болған жағдайда, Байқау жеңімпазын таңдау шешімі Байқау комиссиясының төрағасына қалдырылады.
5.4. Байқау комиссиясының шешімі Байқау комиссиясы отырысының хаттамасымен рәсімделеді.
5.5. Байқау комиссиясының хаттамасы ШҚО Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының сайтында байқау комиссиясының отырысы өткеннен кейін 2 жұмыс күні аралығында орналастырылады.
5.6. «Туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2008 жылғы 11 қарашадағы № 01-08/200 Бұйрығына сәйкес, қонақүй «төрт немесе үш» жұлдыз (жұлдыздар саны) санатына сәйкес болмаған жағдайда, байқау комиссиясы қайтадан Байқау жариялау құқығын өзіне қалдырады.
5.7. Байқау комиссиясы байқауға қатысуға ұсынылған өтінімдер бойынша байқау қатысушыларынан мәлімдемелерді сұрау құқығына ие болады.
Сонымен қатар, Байқау комиссиясы осы Ереже аясында құқықтық қайшылықтар және/немесе өзге де қарастырылмаған аспектілер пайда болған жағдайда оларды түсіндіру және/немесе осы Ережеге өзгерістер енгізу құқығына ие болады.
6.2. Қонақ үйге жеткіліксіз инфрақұрылымды жеткізу үшін (БЖК-2020 шеңберінде) байқау жеңімпазы өзінің қаражаты есебінен техникалық-экономикалық негіздеме (ҚР заңнамасына сәйкес әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда) және жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуі керек.
6.3. Жобаны жүзеге асыру үшін Байқау жеңімпазына жер телімін бөлу ҚР Жер кодексінің 48-бабының 1-тармағының 15-тармақшасына сәйкес қарастырылатын болады.
6.4. Жер телімін Байқау жеңімпазына жеке меншікке беру ол игерілгеннен, яғни нысанды (қонақүй) пайдалануға беру актісіне қол қойылғаннан кейін жүзеге асырылады.
Игеру кезеңінде жер телімі Жер кодексінің 92 бабына сәйкес жер пайдалану шарттары мен мерзімдерін айқындау арқылы Байқау жеңімпазына ұзақ мерзімді ақылы түрде (жалға) беріледі.
7.1. Құрылыс орны туралы бастапқы ақпарат (нақты жобалау жобасы) байқау қатысушыларына ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасымен немесе Үржар ауданының әкімдігімен қолма-қол ұсынылады.
7.2. Байқау қатысушылары 6.1. тармағында көрсетілген түсіндірмелер мен нормативтік-құқықтық актілердің көшірмелерін төмендегі мекемелерден ала алады:
1) ШҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы
(М. Горький көшесі 40, 315 каб., тел. 8/7232/-71-31-20);
2) ШҚО энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасы (Карл Либнехт көшесі 19, 203 каб., тел. 8/7232/70-12-33)
2) «Даму» КДҚ» АҚ (Жеңіс көшесі 6, каб.5, тел.8/7232/ 560590).
7.3. Байқау қатысушылары 6.3. тармағында түсіндірмелер мен көрсетілген нормативтік-құқықтық актілердің көшірмелерін ШҚО жер қатынастары басқармасында ала алады (Карл Либнехт көшесі 19, 611 каб., тел. 8/7232/70-50-12).
Түсіндірмелер мен нормативтік-құқықтық актілердің көшірмелерін ұсыну мерзімі – сұраным жасалған сәттен 2 жұмыс күні.
«Алакөлдің жағалауында
4 (немесе 3) жұлдызды қонақ үй құрылысының үздік жобасы»
байқауының Ережесіне
1-қосымша
«Қонақ үй құрылысының үздік жобасы»
Байқауына қатысуға өтінім
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(бұдан әрі – Байқау қатысушысы)
(заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, аты;
жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты,
төлқұжаттық деректер)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның орналасқан жері, пошталық мекенжайы;
жеке кәсіпкердің тұрғылықты мекенжайы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(қалалық (аудандық) код жазылған байланыс телефоны,
электрондық пошта мекенжайы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(банк деректемелері)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(салық салу жүйесін көрсетіңіз)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(бейінді қызмет бағытын көрсетіңіз)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(экономика саласын көрсетіңіз)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(өтінім берген кездегі қызметкерлердің орташа санын көрсетіңіз)
_____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________
(ұйым басшысы (Аты-жөні, лауазымы, байланыс телефоны)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(жауапты жоба орындаушысы (Аты-жөні, лауазымы, байланыс телефоны)
«Қонақүй құрылысының үздік жобасы» анықтамасы бойынша байқауға қатысуы жайлы мәлімдейді.
Қатысушы байқау шарттарымен таныс және Ережеге сәйкес қажетті құжаттарды ұсынады.
Ұсынылған құжаттардың тізімі:
|
№ |
Құжат атауы |
Беттер саны |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Басшы_______________________ ________________________________
М.О. (қолы) (Аты-жөні, лауазымы)
Өтінім "___" _____________ 20___ ж. "____" сағ. "____" мин. берілді.
Мен бұрын ұсынылған бюджеттік несиелер бойынша мерзімі өткен берешектің жоқтығын растаймын.
Мен ұсынған мәліметтер дұрыс екендігін растаймын, және Байқау комиссиясымен мәліметтерді іріктеп тексерілуіне қарсы емеспін.
Байқауға қатысушы осы өтінімге қол қойып, келесіні мәлімдейді және оған кепілдік береді:
Басшы
________________________ ___________________________
(қолы) (қолтаңбаның толық жазылуы)
М.О.
«Алакөлдің жағалауында
4 (немесе 3) жұлдызды қонақ үй құрылысының үздік жобасы»
байқауының Ережесіне
2-қосымша
Қатысушылардың байқау өтінімдерін
бағалау парағы
|
№ |
Критерий атауы
|
балл |
Ескертулер |
|
(Қатысушы атауы) |
|||
|
1 |
Қонақ үйдің сәулеттік дизайны/эскизі |
|
|
|
2 |
Қонақ үйдің туристерге арналған қосымша қызметтерінің болуы |
|
|
|
3 |
жобаны жүзеге асыру бойынша бизнес-жоспардың әзірлену сапасы (көлем басты критерий емес); |
|
|
|
4 |
Жобаны жүзеге асыру бойынша жан-жақты қадамдық жоспардың (жол картасының) әзірлену сапасы |
|
|
|
5 |
Жобаны жүзеге асыру бойынша жан-жақты қадамдық жоспарда «сапа менеджменті жүйесін енгізу» тармағының болуы (аталған критерий 0-1 балдық шкала бойынша бағаланады) |
|
|
|
6 |
«Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 187 бұйрығының талаптарына сәйкестігі |
|
|
|
7 |
«Туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2008 жылғы 11 қарашадағы № 01-08/200 Бұйрығына сәйкес, қонақүйдің «4 немесе 3 жұлдыз» (қатысу өтіміне сай) санатына сәйкестігі |
|
|
|
8 |
Қазақстан Республикасының «Ғимараттар мен имараттардың қимылы шектеулі топтар үшін қолжетімділігі» құрылыс нормасына (ҚР ҚН 3.06-01-2011) және Қазақстан Республикасының «Ғимараттар мен имараттарды халықтың қимылы шектеулі топтары үшін қолжетімділіктің есебімен жобалау» ережелер жинағына (ҚР ЕЖ 3.06-02-2012) сәйкестігі |
|
|
|
9 |
Бас жоспар
|
|
|
«Алакөлдің жағалауында
4 (немесе 3) жұлдызды қонақ үй
құрылысының үздік жобасы»
байқауының Ережесіне
3-қосымша
|
№ |
Іс-шара атауы |
Орындалу мерзмі |
Жауапты |
Қаржыландыру сомасы |
Қаржыландыру көзі (байқау аясындағы жеке немесе жеңілдікті несие) |
||||
|
(мың. теңге) |
|||||||||
|
2018 ж. |
2020 ж. |
2021 ж. |
2022 ж. (жылдар артуы мүмкін) |
Барлығы |
|||||
|
Міндет №1 (атауы) |
|
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Міндет №2 (атауы) |
|
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Міндет №N (атауы)…. |
|
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
…. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«Шығыс Қазақстан облысындағы туристік аймақтарында қонақүй құрылысының үздік жобасы» байқауының типтік ережесіне
4-қосымша
Қонақүй эскизіне (жобасына) қойылатын талаптар
Эскиздің құрамы мен мазмұны:
Жоба эскизінің тиісті лицензияға ие жобалық ұйыммен әзірленуі тиіс.