31 шілде күні Жастар ресурстық орталығының мамандары Глуховка ауылдық округінің жастары арасында "шеберлік мектебі" тренинг – семинары өткізілді. Жастар бір-бірімен өзара іс-қимыл жасап, жеке және топтық тапсырмаларды орындады.
Жаттығудан кейін қатысушылар қосымша сұрақтар қойып, өз әсерлерімен бөлісті: не оңай болды, не қиын болды.
Сонымен қатар, аз қамтылған, көп балалы отбасылардың жастарына, 29 жасқа дейінгі жас отбасы мүшелеріне "Жас кәсіпкер" жобасы бойынша гранттар беру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Семинарға қатысушылар осы жоба бойынша толық ақпарат алды.




Мәдени ұйымдастырушы К. Қожахметова