2019 жылғы 30 шілде күні Карағайлы ауылының Мәдениет үйінде Қарағайлы ауылының тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесуге Бесқарағай аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы –Н.О.Ағыбаев, ауылдық округтің әкімі М.Е.Табылдин, Бесқарағай ауданының шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық кәсіпорыны директорының м.а. Е.К.Мошканов қатысты. Кездесудің күн тәртібінде Қарағайлы ауылының су құбыры желісінің құрылысы туралы сұрақ қаралды. Бесқарағай аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Н.О.Ағыбаев жоба туралы, жобаның құны бойынша толық ақпарат берілді, Қарағайлы ауылының су құбыры желісінің құрылысы жобасына тапсырыс беруші Бесқарағай аудандық сәулет, құрылыс, ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, мердігер орындаушы мекеме Бесқарағай ауданының шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық кәсіпорыны. Жобаға бөлінген қаржы -612,0 млн теңге. Жоба ауыспалы, екі жылға жоспарланып отыр. Бесқарағай ауданының шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық кәсіпорыны директорының м.а. Е.К.Мошканов су құбыры желісінің құрылысы мен монтаждау жұмыстары туралы толық ақпараттарды берілді. Қарағайлы ауылының тұрғындары кездесу барысында белсенділік танытып, су құбырының құрылысы бойынша өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына толық жауаптарын алды.


Баскөл ауылдық округінің бас маманы Л.Шәріпқанова