Шемонаиха аудандық сотының жетекші маманы А.Өмірбек «Сот кабинеті» тақырыбында кеңсе қызметкерлері арасында дөңгелек үстел өткізді.
Аталған іс-шараға Шемонаиха аудандық сотының кеңсе қызметкерлері қатысты.
Жетекші маман А.Өмірбек «Сот кабинеті» арқылы талап арыздарды, сондай-ақ, құжаттар мен өтінішхаттарды электронды түрде жолдау арқылы, азаматтар өз уақытын және қаржы шығындарын үнемдеп, кез келген ыңғайлы уақытта өтініштің және істің қаралу барысын қадағалауға болатындығын түсіндірді.
Сонымен қатар «Сот кабинеті» сервисінің мобильді қосымшасы арқылы сот жүйесіндегі жаңалықтармен танысу, онлайн түрінде тағайындалған сот отырысы туралы ақпараттар алу және сот органына жолданған сот құжаттарының мән-жайын бақылау, хабарлама арқылы мәтіндермен алмасу мүмкіншіліктері туралы айтты.
Қазіргі уақытта барлық талап арыздар мен әкімшілік істер 100% «Сот кабинеті» сервисі арқылы түседі. 2018 жылдың 8 айында 1073 азаматтық істер, 1230 әкімшілік істер қаралған.
Сонымен қатар, мобильдік сот кабинетінің ақпараттық жүйесі сервистің мүмкіндіктері талқыланып, қатысушылар өз пікірлерімен алмасты.
Шемонаиха аудандық сотының
баспасөз қызметі