Шемонаиха ауданының Ішкі істер бөліміқызметкерлерінің қатысуымен Шемонаиха аудандық сотында «Адам саудасына қарсы күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шараға судьялар және сот мамандары, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел ашу барысында К.А.Раимбеков өз сөзінде аталған тақырыптың өзектілігі мен көпқырлылығын атап өтті. «Соңғы жылдары адам саудасына қарсы күрес мәселесіне аса назар аударылады. Бұл шаралар адам саудасына қарсы күрес жүргізу бойынша Қазақстанның БҰҰ-ның конвенциясы аясында трансұлттық ұйымдасқан топқа қарсы күрес және оған қосымша хаттамалармен» халықаралық міндеттеме алуына байланысты - деп назар аударды.
Дөңгелек үстел барысында полиция подполковнигі Д.С. Қосантаев соңғы жылдары Шығыс Қазақстан облысы аумағында адам саудасы фактілері бойынша статистикалық талдауды ұсынды. Әлеуметтік желілер арқылы адам саудасын ұйымдастыру мәселелері де қаралды. Семинар қатысушыларына еңбек және сексуалды құлдыққа түскен қазақстандықтар өмірінен де мысалдар келтірілді.
Дөңгелек үстел соңында судьялар мен сот мамандары Шемонаиха Ішкі Істер бөлімінің өкіліне толық ақпарат ұсынғаны үшін өз алғыстарын білдірді.
Шемонаиха аудандық сотының
Баспасөз қызметі