Шемонаиха аудандық сотында судьялар мен мамандардың арасында семинар сабақ өткізілді, аталған шараның қатысушылары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді "Түнгі сот" Пилоттық жобасы аясында кешкі уақытта қарауға мүмкіндік бар екендігін талқылады.
Бас маман А.В.Андронова "Түнгі сотты" енгізу туралы айтты. Облыстың әкімшілік соттарында "Түнгі сот" Пилоттық жобасын енгізу қажеттілігі жол жүру ережелерін бұзумен қатысты істердің көбеюімен байланысты болды. Түнгі сот құру тәжірибесі Сингапурмен АҚШ-та бар, бұл жаңалық күнделікті жұмыс кестесінен үзбей істі бір сот отырысында қарауға мүмкіндік береді, алайда тараптар сот шешіміне шағым жасамайтын жағдай болуы тиіс.
Сонымен қатар аталған жобаның аясында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер туралы, ұсақ бұзақылық пен көлiк құралдарын немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы және көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы туралы істерді қарау ұсынылған.
Сондай-ақ, әкімшілік жазаға тартылып отырған тұлғаның ұстанымы өзгерген жағдайда, кінәсін мойындамаған жағдайда, іске адвокаттың, аудармашының, сарапшының, маманның немесе мүдделi тұлға қатысуы қажет туралы өтiнiшхат түскен жағдайда, дәлелдемелерді зерттеу және қосымша дәлелдерді ұсыну қажет болған жағдайда судья сот отырысын жалпы тәртіппен қарау үшін кейінге қалтырады.
Шемонаихааудандықсотының
баспасөзқызметі