Дөңгелек үстелдің жұмысына судья мен сот мамандары, адвокаттар және мемлекеттік емес мекемелердің өкілдері қатысты.
Судья Н.С.Нурсапинов азаматтық істерді қарау барысында «Медиация туралы» Заңды қолданудың тәжірибесі туралы сөз қозғады. Сонымен қатар, сот жұмысының мақсаты даудың бейбіт жолмен шешілуіне ықпал жасау, дауды сот дейін шешудің ең кең тараған түрі келіссөздер жүргізу және медиация болып табылатынын атап өтті.
Сондай-ақ, бітімгершілік процедуралары аясының кеңеюіне, азаматтардың шығындарының азаюына, халықтың және тұтастай қоғамның дауды сотқа дейін шешілуіне мүдделі екендігіне дөңгелек үстелге қатысушылардың назары аударылды.
Судья кәсіпкерлік субъектілеріне ерікті келіссөздер арқылы даулы жағдайдан көп шығын және уақыт жұмсамастан шыға алатындарын ескертті.
Дөңгелек үстелді қорытындылай келе дауды сотқа дейін шешудің артықшылықтары мен кемшіл тұстары талқыға салынды және артықшылықтары да аталмай қалған жоқ.
Катонқарағай аудандық сотының баспасөз қызметі