
Көп балалы отбасылар үшін тұрғын үй сертификатының сомасын 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр
Бұл туралы қала және аудан әкімдерімен тұрғын үй құрылысы мәселелері бойынша өткен кезекті жиында аймақ басшысы Даниал Ахметов айтты.
«Бүгінгі таңда 551 көпбалалы жанұя «Бақытты Отбасы» бағдарламасы бойынша өздері үй салып алуға дайын екендерін білдірді. Біз өз тарапымыздан оларға тұрғын үй сертификатын беру арқылы көмектесуге әзірміз. Мен сертификат сомасын 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайту мүмкіндігін қарастыруды тапсырдым. Кезек күтіп отырмай, өздері үй салып алуға ұмтылатын отбасыларды қолдау керек», - деді облыс әкімі.
Жиын барысында Даниал Ахметов қалалар мен аудандардың әкімдері қысқа мерзімде тағы қанша отбасы бағдарламаға қатысуға дайын екенін анықтап, мәлімет берулерін тапсырды.