Демалыс күндері ШҚО су айдындарында 5 адам суға кетті. Жазатайым оқиғалар Өскемен, Семей қалаларында және Шемонайха ауданында орын алды. Барлық суға кеткен азаматтар жабдықталмаған орындарда суға түскен, және куәгерлердің айтуынша, мас күйінде болған. Бесқарағай ауданының ТЖБ азаматтарды суға түсу ережелеріне салғырт қарамауларыңызға шақырада. Егер сіз «Суға түсуге тыйым салынады» деген тыйым салу белгісін көрсеңіз - өз өміріңіз бен денсаулығыңызды қатерге тікпеңіз! Тексерілген және арнайы демалуға жабдықталған орындарда ғана суға түсіңіз.
Суға түсу маусымы басталғаннан бастап, ШҚО 29 суға кеткен азамат тіркелген, ал Бесқарағай ауданында 2 оқиға. 90 % жағдайларда адамдар жабдықталмаған орындарда және мас күйінде суға түскен.
ШҚО ТЖД Бесқарағай ауданының ТЖБ