«Рухани жанғыру» қоғамдық сананы жаңғыртудың ажырамас элементі, бұл жас ұрпақты шынайы патриотизмге, сүйіспеншілікке, мақтанышқа және өз жеріне және оның тарихына деген адалдық сезімдерін тәрбиелеу. Осы бағдарламаны жүзеге асыру аясында 2019 жылдың 2 тамызында Жастар ресурстық орталығы «Жас Отан» жастар қанаты және ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесе отырып, аймақ жастары үшін ұлы ақындардың отаны Жидебайға бір күндік саяхат жасады. Жидебайға барар жолда Батыр Күшікбай ескерткіштеріне, Еңлік-Кебек ескерткіштеріне аялдамалар жасалды. Топ Абай мен Шәкәрімнің мемориалдық кешенінде болды. Балалар М.Әуезовтің «Абай жолы» кітабымен қызықты саяхат жасады, мұражайларда оларды қызықты турлар, көптеген фотосуреттер мен мұрағат материалдары күтіп тұрды.
Абай үйінен шыққан соң, қос әулиенің зиратына тарттық. Қыстаудан бір шақырымдай жерде орналасқан бұл бейіт бүгінде символикалық кешенге айналған. Екі күмбездің ортасында төбесі ашық шағын амфи зал бар. Жыл сайын болатын «Абай оқуларының» ақтық сайысы осы кешенде өткізіліп тұрады.
Алған әсерлері мен қуаныштарын жасыра алмаған жастар осындай тамаша танымдық, тарихи әрі ғибратты саяхат үшін алғыстарын жеткізді. Өскелең ұрпақтың тарихын танып, өткенін біліп, болашаққа айқын бағытпен, нық қадаммен аяқ басқаны – ел болашағының жарқын боларының кепілі. Ұлылар мекенінен жандарына нәр алып, саналарына ізгілік дәнегін еккен балғындарымыз қазақ әдебиетінің, поэзиясының арзандап кетуіне жол бермейтін талантты тұлғалар болып өсетініне бек сенімдіміз.





Жастар ресурстық орталығы
директорының міндетін атқарушы А.Мұхажанова