«Бірыңғай Медиация күні» аясындағы өткен дөңгелек үстел

«Бірыңғай Медиация күні» аясындағы өткен дөңгелек үстел

Ағымдағы жылдың 5 тамызы күні аудандық Достық үйінде "Бірыңғай Медиация күні" аясында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Б.Ж. Баталов, Бесқарағай аудандық сотының төрағасы А.С. Қалиев, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н.Т.Идрисова, құқық қорғау органдарының, әділет бөлімінің өкілдері, ауылдық округтердің кәсіби емес медиаторлары, этномәдени бірлестіктердің белсенділері, "Жанғыру Жолы" жастар қозғалысының мүшелері қатысты.
Іс-шараға қатысушылар Бесқарағай аудандық сотының төрағасы А.Б. Калиевтың баяндамасын тыңдады, медиаторлардың жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, туындайтын мәселелер бойынша пікір алмасты, сондай-ақ қатысушылар арасында сауалнама жүргізілді.
Ауылдық округтердің медиаторлар тізімін кеңейту, ағымдағы жылдың қыркүйек айында медиаторлармен семинар өткізу туралы шешім қабылданды.
Облысымыздың Достық Үйлері арасындағы өтетін жыл сайынғы облыстық байқауда аудандық Достық үйі "Ең үздік медиация кабинеті" номинациясы бойынша марапатталғанын атап өту керек.
Сондай-ақ, бүгін облыс орталығында қалалар мен аудандардағы кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен отырыс өткізілді. Осы іс-шарада Бесқарағай ауылының кәсіби емес медиаторы Р.Н. Кисамиева алғыс хатпен марапатталды.

Ішкі саясат, мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н. Идрисова