«Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша экономикалық сараптама жүргізу тәртібі туралы»

«Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша экономикалық сараптама жүргізу тәртібі туралы»

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша экономикалық сараптама жүргізу тәртібі туралы» қаулысының жобасын «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастыру туралы хабарландыру.

«Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша экономикалық сараптама жүргізу тәртібі туралы» қаулысының жобасын (бұдан әрі -Жоба) әзірледі.

Жоба «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 278-бабы 12-тармағына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 5 қаңтардағы Заңын іске асыру бойынша іс-шаралар туралы»  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 29 наурыздағы №68-ө өкімінің                  16-тармағына сәйкес әзірленген.

Жобада Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша экономикалық сараптама жүргізу тәртібін бекіту көзделген.

Жоба жария талқылау мақсатында 2021 жылғы 21 маусымда  «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылған.

Жобаға сілтеме: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=10241996 

Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша экономикалық сараптама жүргізу тәртібін айқындау туралы