О проведении Республиканского конкурса «Лучший сельский аким»

О проведении Республиканского конкурса «Лучший сельский аким»

Құрметті Шығыс Қазақстан облысы ауылдарының, кенттерінің және ауылдық округтерінің тұрғындары!

"Үздік ауыл әкімі" конкурсы аясында төменде көрсетілген ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің жұмыс тиімділігіне халықтың қанағаттануын өлшеу үшін онлайн сауалнамаға белсенді қатысуға шақырамыз:

Мусоболинова Раушан Калымовна - Алтай ауданы Северный ауылдық округінің әкімі

Түсіпов Медет Серікбосынұлы - Аягөз ауданы Нарын ауылдық округінің әкімі

Бергенев Эльдар Серікұлы - Бородулиха ауданы Баку ауылдық округінің әкімі


Естеріңізге сала кетейік, "Үздік ауыл әкімі" Республикалық конкурсы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 50 қаулысымен бекітілген" Рухани жаңғыру" бағдарламасын ұлттық жаңғырту кезеңіне көшіру жөніндегі Жол картасының 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарының 63-3-тармағына сәйкес ұйымдастырылады .

Конкурсты өткізу кезеңі: 2021 жылғы маусым-қазан айлары.

Конкурсқа қатысуға әкім лауазымында кемінде бір жыл Мемлекеттік қызмет өтілі бар, сондай-ақ алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері жіберіледі.

 


Тиісті ауылдық округтердің тұрғындары өз аудандарының ресми интернет-ресурстары беттерінде өз әкімдерінің жұмысының тиімділігін бағалай алады.

Алтай ауданының әкімдігі

Аягөз ауданының әкімдігі

Бородулиха ауданының әкімдігі