
2021 жылғы 25 шілде күні сағат 12.00-де Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы Шығыс Қазақстан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг ұйымдастырып, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округ әкімдерінің сайлауындағы дауыс беру барысы туралы» ақпарат берді. Брифинг «Хабар 24» республикалық телеарнасының тікелей эфирінде өтті. Брифингке Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Е. Нәбиев, төраға орынбасары Ж. Алканова қатысты.