"Birge - TazaQazaqstan" экологиялық акциясы жалғасын табуда

"Birge - TazaQazaqstan" экологиялық акциясы жалғасын табуда

2019 жылдың 27 шілдесінен аудан бойынша басталған "Birge - TazaQazaqstan" экологиялық акциясы жалғасын табуда. Әр аптаның сенбі күні өтетін экологиялық акциясы аясында 2019 жылдың 3 тамызында 10-ға жуық өзен-көл, су қоймасы, бұлақтардың аумақтары тазаланды. Соның ішінде Қалбатау ауылдық округіне қатысты «Ортабұлақ» су қоймасының аумағын тазалап, ауқымды жұмыс жүргізуге 600-ге жуық адам белсене қатысты. Акцияға ауданның мекеме ұйымдар қызметкерлері мен қоғамдық ұйымдар өкілдері, жастар қатынасты.