Бесқарағай ауданында көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан балалардың саны 740 оқушы, оның ішінде 222 аз қамтылған санатынан. Ауданда ағымдағы жылдың 2-5 тамыз аралығында тегін мектеп формасын беру акциясы жүзеге асырылуда. Мектеп формасын беру жұмыстары 5 тамыз күні Долон, Мостик, Бөдене, Жыланды ауылдарында жалғасуда.

