
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Сәбит Барлыбаевтың төрағалық етуімен сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша профилактикалық іс-шараларды өткізу мақсатында 2021 жылғы 15 Шілдеде барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып және ауылдық округтердің БКБ режиміне бір мезгілде қосыла отырып, оф-лайн режимінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «Қылмыстық құқық бұзушылықты және басқа да заң бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін мән-жайларды жою жөніндегі» ұсынымын қарау бойынша Глубокое ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің кездесуі өткізілді. Кеңес қорытындысы бойынша Сәбит Барлыбаев осы бағыттағы жұмысқа деген көзқарасты түбегейлі өзгертуге, ұжымда, оның ішінде ведомстволық бағынысты ұйымдарда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік қағидатын басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға баса назар аударуға тапсырма берді. Бағыныштылардың іс-әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің болуын бағалауға формальды тәсіл фактілерін үзілді-кесілді алып тастау. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жүргізу кезінде формализмді жою, сыбайлас жемқорлық тәуекелін анықтау оң фактор болып табылатын тәсілге көшу. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мазмұндағы материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында, ресми сайттарда жариялауды, баннерлерде және өзге де үгіт құралдарында тиісті ақпаратты орналастыруды ынталандыру, мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері арасында ғана емес, балалар мен жастар арасында тақырыптық сабақтар өткізу, тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерін шақыра отырып, семинарлар өткізу, жаппай құқықтық оқытуды тұрақты жүргізу. Кеңеске Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ШҚО бойынша департаментінің превенция және парасаттылық басқармасының өкілі Гүлнұр Бекбаева және «Шығыс– Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы қатысты сұхбат форматында қатысқан Маржан Бақыт сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің, комплаенс қызметтерін құрудың, қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық және қылмыстық-процестік кодекстеріне енгізілген өзгерістердің, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің өзекті тақырыптары талқыланды.
Кеңеске Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ШҚО бойынша департаменті превенция және парасаттылық басқармасының өкілі Гүлнұр Бекбаева және «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Маржан Бақыт қатысты, қатысушылармен сұхбат форматында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің, комплаенс қызметтерін құрудың, қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық және қылмыстық-процестік кодекстеріне енгізілген өзгерістердің, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің өзекті тақырыптары талқыланды. Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында әлеуметтік роликтер көрсетілді.
Глубокое ауданының мемлекеттік органдары мен ұйымдарын сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы барынша ақпараттандыру мақсатында кездесуге полиция бөлімінің бастығы Серік Ақасов, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Салтанат Базарханова, статистика басқармасының басшысы Талғат Айтуаров, ТЖ бөлімінің бастығы Алексей Оградов, аудандық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Алексей Цедейко, сондай-ақ «Огни Прииртышья-Ақ Бұлақ» газетінің бас редакторы шақырылды.