Бір күн ішінде екі адам суға батып кетті

Бір күн ішінде екі адам суға батып кетті

Өкінішке орай, көпшілік азаматтар берілген кеңестерді ескермейді және қауіпсіздік ережелерін бұзады: шомылуға тыйым салынған орындарда шомылады, мас күйінде шомылады және т.б. соған байланысты суға батып кету фактілері тіркелуде.

Солай, 01 шілдеде Выдриха а. Уба ө. бірден екі адам суға баттып кетті.

Сағ. 15.15-те Выдриха а. Уба ө. шомылуға тыйым салынған орында шомылу кезінде 1999 ж.т. ер азамат суға батып кетті.

Кейін, сағ. 16.34-те сол аудан аралығында шомылуға тыйым салынған орында шомылу кезінде 1978 ж.т. ер азамат суға батып кетті. Куәгерлердің айтуы бойынша суға батып кеткен адам суға батарының алдында мас күйде болған.

Құрметті азаматтар! Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!

• Шомылуға тыйым салынған орындарда шомылмаңыздар!

• Мас күйде шомылмаңыздар!

• Шомылу кезінде камераларды, доптарды, тақталарды қолданбаңыздар!

• Суға көпірден, дамбыдан, айлақтан, қайықтан және катерден секірмеңіздер!

• Белгісіз орындарға сүңгімеңіздер!

• Суда тентектікті болдырмаңыздар!

Қымбатты аудан қонақтары және тұрғындар! Судағы қауіпсіздік ережелерін еркемудің себебінен құбан болмаңыздар.

 

 

Шемонаиха ауданының ТЖБ.