Сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізу мақсатында

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізу мақсатында

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізу мақсатында, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі 2021 жылғы 9 шілдеде барлық санитариялық нормаларды сақтай отырып және ауылдық округтердің БКБ режиміне бір мезгілде қосыла отырып оф-лайн режимінде Аягөз ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ШҚО бойынша департаментінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырды және өткізді. Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамалық өзгерістер, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша алдын алу шаралары қаралды. Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында әлеуметтік роликтер көрсетілді.