Сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізу мақсатында

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізу мақсатында

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізу мақсатында, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі 2021 жылғы 8 шілдеде барлық санитариялық нормаларды сақтай отырып және ауылдық округтердің БКБ режиміне бір мезгілде қосыла отырып оф-лайн режимінде Семей қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ШҚО бойынша департаментінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырды және өткізді. Диалог форматында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, комплаенс қызметтерін құру, қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне енгізілген өзгерістер, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа шектеулердің өзекті тақырыптары талқыланды. Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында әлеуметтік роликтер көрсетілді.