Кәсіподақтардың төрағалық етуімен  облыстық үш жақты комиссияның отырысы: «ВОСТОКМАШЗАВОД» АҚ жағдай туралы

Кәсіподақтардың төрағалық етуімен  облыстық үш жақты комиссияның отырысы: «ВОСТОКМАШЗАВОД» АҚ жағдай туралы

Кеше, онлайн режимінде, кәсіподақтардың төрағалық етуімен Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөнінде облыстық үш жақты комиссияның кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде екі сұрақ: «Востокмашзавод» АҚ-та жалақы мен салық төлемдері бойынша берешектерді жабу туралы және «ВМЗ инвест» ЖШС («Востокмашзавод» АҚ-тың болашақтық даму жоспарын талқылау) хаттамалық тапсырмаларға сәйкес.

Отырыс жұмысына Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы, Әділет департаменті басшысының орынбасары, ШҚО прокуратурасы басқармасының аға прокуроры, Жеке сот орындаушылыр палатасы филиалының басшысы, сонымен қатар «ВМЗ инвест» ЖШС  директоры, «Востокмашзавод» АҚ бас директоры қатысты.

Инвестициялық компания мен кәсіпорын басшысының ақпараты бойынша, ағымдағы сәтте:

- Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен 627 млн. тенге мөлшерінде салық берешектерін төлеу мерзімі реттелді;

- кәсіпорынның ірі кредиторларымен сомасы 9 млрд.тенге мөлшерінде берешектерді құрылымдау бойынша келісімдер жасалды;

     - жалақы және бюджеттен тыс қорлар бойынша 213 млн. тенге сомасында берешектер жабылды, және шілде айының аяғына дейін толық жабу күтілуде;

- зауыт өнімдерінің басты негізгі алушыларымен келісімшарттар бекітілуде, сондай ақ негізгі шикізатты (қара металлолом) тұрақты түрде жеткізу бойынша мәселе шешілді. Қазіргі бар цехтарды штаттық кестеде бірте-бірте іске қосу тамыз айынан қыркүйек айына жоспарлануда;

- техникалық аудит негізінде  консервіленген жаңа өнімді шығару цехының технологиялық желісі үшін тенология өзгертілді және жетіспейтін құрал-жабдықтар сатып алынуда. Зауытты жоспарлы түрде қалпына келтіру және оңалтуы жүргізілуде, осыған сәйкес жыл аяғына дейін сынап құю жүргізіледі, сертификациядан өту үшін цехты дайындау және сынақтан өтуін аяқтау жоспарлануда;

Сонымен қатар инвестициялық компания басшылығы жеке сот орындаушылардың іс-әрекеттерін реттеу сұрағына ықпал етуді өтінді, олар бұрын реттелген сот даулары бойынша зауыттың мүлігін қамауға алу және тәркілеуді жүргізе отыра, кәсіпорынның қызметін шектейді.

Мазмұндалғанды ескере отыра, комиссия зауыттың басшылығына ЖСО іс-әрекетіне  қолданыстағы заңнама аясында Әділет департементі мен Жеке сот орындаушылар палатасына  шағымдануды, атқарушылық құжатты мемлекеттік сот орындаушыларына тапсыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды, Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы мен ШҚО Кәсіподақ орталығына зауыттағы жағдайды мониторингілеу бойынша жұмысты жалғастырсын, және қажеттілігіне қарай талқылауға шығару қажет.

«ШҚО Кәсіподақ орталығы» АКБ