ШҚО Абай ауданының әкімі болып Нұржан Әбдікәрімов тағайындалды

ШҚО Абай ауданының әкімі болып Нұржан Әбдікәрімов тағайындалды

Нұржан Әбдікәрімов жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімінің орынбасары болды.

Нұржан Оразбекұлы Әбдікәрімов 1971 жылы 9 мамырда Үржар ауданы Сегізбай ауылында дүниеге келген. 1996 жылы «Семей» мемлекеттік университетін, 2013 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1988 жылы Семей облысы Таскескен ауданының Тасбұлақ орта мектебінде бастады. 2007 жылға дейін сол ауылда Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы, тарих пәнінің мұғалімі, тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші, мекеме директоры болып жұмыс істеді.

2007 жылдың қараша айында ШҚО Үржар ауданы Салқынбел ауылдық округінің әкімі, 2009 жылы аудандық білім бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

2013-2021 жылдары Ұлан ауданы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы, аппарат басшысы және әкімнің орынбасары қызметтерін атқарып келді.