Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының әкімі тағайындалды

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының әкімі тағайындалды

Конкурстық процедуралардан сәтті өткен Жарқынбек Байсабыров Бесқарағай ауданының әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін ол Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімі болған.

Жарқынбек Борашұлы Байсаров 1969 жылы 9 тамызда Үржар ауданы Первомай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын және М. Әуезов атындағы Семей университетін («Экономика» мамандығы бойынша) бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы Үржар ауданының Калинин атындағы колхозда бастаған ол 1996 жылға дейін санитарлық-емдеу пунктінің меңгерушісі болып қызмет атқарды. Содан кейін Ж.Байсабыров «1 май» ЖШС меңгерушісі және «Ерасыл» ШҚ басшысы болып еңбек етті.

2004-2008 жылдары Некрасов және Жоғарғы Егінсу ауылдық округтерінің әкімі болды, 2008 жылы Үржар ауданы әкімінің орынбасары қызметіне ауысты. 2017 жылдан бүгінге дейін Абай ауданының әкімі қызметін атқарып келді.