Семейде коронавирусқа қарсы вакцинация жалғасуда

Семейде коронавирусқа қарсы вакцинация жалғасуда

 Бастапқыда вакцинация ресейлік "Спутник V" вакцинасымен жүргізілді. Енді тұрғындар қазақстандық "Qaz vac"  және БАӘ-де жасалған "Hayat vac" вакцинасын таңдауға мүмкіндігі бар. Бүгінгі таңда Семей қаласының №12 емханасында үш мыңнан астам отбасы вакцинациядан өтті.

– Бізде "Спутник V" және "Hayat vac"вакцинасының екі түрі бар. Егілгеннен кейін шағымдар байқалмады. Дене қызуының көтерілуі қалыпты жағдай.  Әркімнің қалауы бойынша 21-ден 45 күнге дейін егіле алады.  Уақыт өте келе вакцинацияға көбірек адамдар келе бастады. Демек, сенімділік пайда болды, вакцинаға деген сенім артты, - дейді Семей қ. №12 емханасының психологы Надежда Быковская.

Бір апта бұрын емхана филиалы Қарағайлы шағын ауданында ашылды. Сондай-ақ, мұнда егу пункті де бар. 

- Жақында Қарағайлы шағын ауданында қосымша егу пункті ашылды. Онда бір апта бұрын облыс әкімдігінің қолдауымен біздің емханамыздың филиалы ашылды. Қазір мұнда 10-ға жуық адам жұмыс істейді, - дейді № 12 емхананың дәрігері Сайра Айтхожина

Вакцинаны өз еркімен алуға шешім қабылдағандардың бірі 77 жастағы Дмитрий Рубан болды.

– Мен бір жыл бұрын коронавируспен ауырдым.Отбасымның қауіпсіздігін ойлау мақсатында вакцинаның екі компонентін де алды. Өзімді қалыпты сезінемін, – дейді Дмитрий Рубан.

Айта кетейік, вакцинация жалғасуда.