
Катонқарағай ауданының орталығы Үлкен Нарын ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жанында бассейн салынып жатыр. Аталған нысан шекаралық аудандарды дамытудың 2020-2024 жылдарға арналған кешенді жоспарға және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтеруде. Қазіргі таңда жұмыс қарқынды жүріп жатқан бассейн құрлысы аякталғаннан кейін жаңа жұмыс орындары ашылып, ағымдағы жылдың соңына дейін халық игілігіне беріледі деп жоспарланған.