Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Катонқарағай ауданының Достық үйінде «Іскер әйелдер кеңесімен» бірлесіп "Алтын бауырсақ party"фестивалі өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Катонқарағай ауданының Достық үйінде «Іскер әйелдер кеңесімен» бірлесіп "Алтын бауырсақ party"фестивалі өтті

Бұл күні Достық үйінің ауласында достық, келісім және бейбітшілік мерекесі ұйымдастырылды. Жаңадан пісірілген бауырсақтардың дәмді иісі шыққан үлкен қазандардың айналасына Катонқарағай ауданының барлық этномәдени бірлестіктерінің өкілдері жиналып, сүйікті бауырсақтар әзірледі.

Аталған іс-шараның мақсаты-дәстүрлерді жаңғырту, сақтау және насихаттау, ұлттық өнімді көпшілікке тарату және Қазақстанға "Бауырсақ" брендін бекіту, сондай-ақ көптеген ұлттарды біріктірген қазақ халқының қонақжайлығын, бірлігі мен бауырластығын көрсету, біздің көпұлтты ауданымыздың тұрғындарының этносаралық келісімін көрсету.

Мереке жоғары деңгейде өтті: ол дәмді ғана емес, сонымен қатар көңілді болды. Фестивальға 8 топ қатыса отырып, әрқайсысы өз өнімдерін таныстырды, ал вокалдық және фольклорлық ұжымдар өз топтарын түрлі тілдердегі көңілді әндермен қолдап, қонақтарға жақсы көңіл-күй сыйлады.

Катонқарағай аудандық Достық үйінің этномәдени бірлестіктері өз алдына Қазақстан халқының ұлттық салт-дәстүрін, мәдениетін насихаттау міндетін қояды.

Аналар кеңесі, «Іскер әйелдер кеңесі» өкілдерінің бастамасымен фестиваль қорытындысы ретінде  "30 игі іс" акциясы өткізілді.Этномәдени бірлестіктердің дәмді, хош иісті бауырсақтары барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, Катонқарағай ауданының жастар ресурстық орталығының көмегімен  ауданның ұйымдары мен тұрғындарына жеткізілді.