Үржар ауданының тумасы "Еңбек" бағдарламасы арқылы өз кәсібін ашты

Үржар ауданының тумасы "Еңбек" бағдарламасы арқылы өз кәсібін ашты

Канашов Әбілмансұр Талғатұлы, Үржар аудандық жұмыспен қамту орталығына жүгінгенге дейін 29 жасқа дейінгі жастар санатындағы жұмыссыз азамат болған.

2020 жылы жұмыспен қамту орталығының жолдауы арқылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқу курсын аяқтап, «Еңбек» бағдарламасы арқылы кәдесый (сувенир) жасау бизнес жобасы бойынша мемлекеттік грантқа қатысты.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша 555 600 теңге көлемінде грантқа ие болды.

Казіргі таңда Әбілмансұр ағаш өңдеу цехын ашып, ағаштан әртүрлі бұйымдар жасауда.