Құрметті жерлестер! Абай ауданындағы қасиетті орындардың бірі саналатын, келген қонақтар ат басын тіреп суының қасиетінен ем табатын «Қоңыр әулие» үңгірінің басынан заманауи талаптарға сай жаңадан бой көтерген қонақ үйдің ашылу рәсімі өтті

2017 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қасиетті орынға жаңарту жұмыстары жүргізілген еді. «Бизнестің жол картасы - 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылы электр желісі тартылса, 2021 жылы үңгір ішіне абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Бүгінде қасиетті үңгірдің басы тағы да бір жаңа нысанмен толығып отыр. Жиыны 7 бөлмеден тұратын қонақ үйі заманауи талаптарға сай барлық тиісті жабдықтармен қамтылған. Су, электр желісі іске қосылған. Санитарлық талаптар сақтала отырып өткізілген игі шараға ауылдың ақ пейілді ағайындары қатысты.