Бүгін облыстық мәслихаттың кезектен тыс бесінші сессиясы өтті

Бүгін облыстық мәслихаттың кезектен тыс бесінші сессиясы өтті

ШҚО мәслихатының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы "2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және жағдай жасау жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы баяндалды. Бүгінгі таңда өңірде 268 сайлау учаскесі мен дауыс беру кезінде ерекше қажеттіліктері бар 5039 сайлаушы бар. Биыл 56 пункт қайта жарақтандырылады. Бұл жұмысқа қажетті қаражат бөлінетін болады. Жоғарыда аталған санаттағы азаматтар электрондық-цифрлық қолтаңбамен де қамтамасыз етілетін болады.

Сонымен қатар, ШҚО сайлау учаскелері туралы мәліметтер Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігінің интерактивті картасына енгізіледі.