Құрметті жерлестер! Бүгін, ауданымыздың Қопа ауылдық округінде ел Тəуелсіздігінің 30 жылдығына орай, 152 орындық жаңа стадион пайдалануға берілді

Құрметті жерлестер! Бүгін, ауданымыздың Қопа ауылдық округінде ел Тəуелсіздігінің 30 жылдығына орай,  152 орындық жаңа стадион пайдалануға берілді

Аталған нысан «Kaz Minerals Aktogay» ЖШС-ның демеушілігімен салынды. Стадионның ашылуы салтанаты санитарлық талаптарды сақтай отырып, «Kaz Minerals Aktogay» ЖШС-нің өкілдері мен жергілікті қауымдастықтың қатысуымен өтті.
Сонымен қатар, 1 маусым –Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, «Kaz Minerals Aktogay» ЖШС Ақтоғай кентімен Тарлаулы, Қопа ауылдық округтерінің білім беру мекемелерінің 1-5 сынып аралығындағы 420 оқушысына бағалы сыйлықтар табыстады.
Аталған компанияның демеушілігімен ауыл мектебіне ұңғыма қазу жұмыстары жүргізіліп таза ауыз сумен қамтамасыз етілген болатын.