
Өткен жылы киелі өлкеге аймақтың ғана емес, бүкіл елдің назары ауды, өйткені бұл ұлы жерлесіміз - ақын, философ және ағартушы Абай Құнанбайұлының шағын отаны. Оның 175 жылдығына орай Қарауыл ауылында тұрғындарды қуантатын саябақ ашылған-ды. Ағаштар отырғызылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Бұрынғы жоспарға сай, саябаққа тікелей жақын жерде "Бірқабатты Шығыс" бағдарламасы бойынша жаңа тұрғын үй ауданы бой көтереді, ондағы баспаналар, ең алдымен, көпбалалы отбасыларға беріледі. Айта кету керек, жоба қазірдің өзінде іске асырылу сатысында. Биыл екі пәтерлі 16 үй салынады.
Сонымен қатар, былтыр осы ауылда бірнеше үш қабатты үйлер жөнделді, қазір олар ретке келтірілді. Кезекте тұрған мүмкіндігі шектеулі азаматтар, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға берілді.
Жалпы, ауданның тұрақты және айтарлықтай серпінді дамуын атап өткім келеді. Бірқатар мәселелер бар, бірақ олардың әрқайсысы бойынша негізделген және салмақты шешім қабылданатын болады.