
31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.
Қуғын-сүргін жылдары Қазақстанда 100 мыңнан астам адам тұтқындалып, 25 мыңы атылу жазасына кесілді. Олардың қатарында «Алаш орда» қозғалысының көшбасшылары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев бар.
Егемен ел болу, мемлекет құру жолында алғашқы және ең маңызды қадам жасаған осы зиялы қауым өкілдері мен алашордашылар еді. Сондықтан сталиндік қуғын-сүргін кезеңі біздің ел үшін орны толмас қайғы. Тек «Алаш орда» ісі бойынша 4297 адам қамалып, оның 2062-сі жазықсыз атылды.
⠀
Тарихымыздың бұл кезеңі терең зерделеуді талап етеді. Бұл бағытта елімізде қолға алынған істер ауқымды.
⠀
Біз Алаш азаматтарын мақтан етеміз, мәңгі жадымызда сақтаймыз! Бұл баласы саяси қуғын-сүргін құрбаны барлық халықтың ортақ тарихы.