Глубокое ауданының Тарханка ауылында бал өңдейтін ірі кәсіпорындардың бірі "Sun-bee-Алтай" ЖШС жұмыс істейді

Глубокое ауданының Тарханка ауылында бал өңдейтін ірі кәсіпорындардың бірі "Sun-bee-Алтай" ЖШС жұмыс істейді

"Sun-bee-Алтай" ЖШС әрбір тұрғыны өзіне және жақындарына туған жерінде өсірілген таза, сапалы және пайдалы өнімді таңдай алуы үшін Қазақстанның ауыл шаруашылығын қарқынды дамытуда. Бұл кәсіпорын Қазақстандағы алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың бірі болып саналады.
Балды орауға арналған технологиялық желі Даниядан арнайы сатып алынған. Бүкіл процесс толығымен автоматтандырылған. Сондай-ақ өнімді сатып алушылар Ресей мен Қытай болып табылады, өнімнің бір бөлігі Канада мен Сингапурға жіберіледі.
Отандық өнім-әрқашан сұранысқа ие! Сондықтан Глубокое ауданында халықаралық стандарттарға сай кәсіпорын бар екеніне қуаныштымыз.