Қымбатты түлектер! Құрметті ұстаздар мен ата-аналар!

Қымбатты түлектер! Құрметті ұстаздар мен ата-аналар!

Сіздерді оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Биыл облысымыздың 8780 оқушы өмірінің жаңа кезеңіне аяқ басқалы отыр. Оның ішінде 752 "Алтын белгі", 476 үздік аттестат иегерлері бар.
⠀
Сондай-ақ халықаралық, республикалық зияткерлік турнирлердің жүлдегерлері, ғылыми конкурстардың жеңімпаздары, дарынды музыканттар мен суретшілер атанған түлектерімізді зор мақтанышпен шығарып саламыз.
⠀
Бүгіннің өзінде ШҚО ең талантты оқушылары еліміздің және әлемнің беделді оқу орындарынан шақырту алды.
⠀
Ерекше алғысымды ұстаздар мен ата-аналарға білдіремін! Ешкімге оңай тимеген осы кезеңде балаларымызға көрсеткен қолдауымыз, танытқан түсіністігіміз, білдірген сеніміміз олардың жігер-қайратын мықтап, болашағының берік іргетасын қалайды.
⠀
Оқу жылының аяқталуымен тағы бір мәрте құттықтаймын. Зор денсаулық, мол бақыт және сәттілік тілеймін!