
Биыл «Бородулиха ауданының Достық үйі» КГКП өзінің мерейтойын атап өтуде. Ұйымның құрылғанынан бастап 10 жыл өтті, оның құрылуының бастаушысы Александра Шпилькина, ол қазір де оның тұрақты жетекшісі.
.
- Дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар саласындағы көкжиектерді кеңейту мақсатында біз жыл сайын қазақ, орыс, татар, белоруссия, украин, неміс мәдениетінің іс-шараларын өткіземіз, - деді Достық үйінің директоры Александра Александровна. Достық үйінің 10 жыл ішінде өткізген іс-шаралар тізімі кең, олардың арасында «Ветеранское подворие» байқаулары, «дөңгелек үстелдер» қатысушылары үшін Шемонаиха мен Семейдің тарихи-өлкетану музейлеріне экскурсиялар бар. Өскемен қаласында «Возрождение» «Mein Familienalbum» неміс қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған тілдік жобаларды қатысу, «Козге Ертіс Моңнары» Халықаралық татар өнері фестивалінің тілдік жобаларына қатысу. Ұжымның пікірінше, олар қатысқан маңызды іс-шаралардын ішінде "Ләйсан" этномәдени бірлестігі "ұлттық татар тағамдарының ең үздік тағамы" атты татар аспаздық шеберінің IX байқауына қатысып 1 орынға ие болғаны, және де Өскемендегі Мусса Джалиль ескерткішінің ашылуына қатысуы. Алматыда өткен "Ғұмырдария" халықаралық балалар байқауында Аружан Мұхаметқазы (балалар вокалдық ұжымы) "эстрадалық вокал" номинациясында 1 орын алуы.Риддер қаласында "Зажги Свою звезду" атты балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының ашық қалалық байқауда қатысу. Сондай – ақ "Родник "орыс этномәдени бірлестігі Семей қаласында өткен " Прииртышские напевы" халықаралық орыс өнері фестиваліне қатысуы. және т. б. - 15 ақпанда Баку ауылдық округінде қайтыс болған ауған жауынгері Раиса Морозкинаның анасымен кездесу өткізу дәстүрге айналды, - деп толықтырады Достық үйінің әдіскері Әсия Мұхаметқазы, - біз оған назар аударамыз, міне егде жастағы адамдар үшін өте маңызды және бізден сыйлықсыз ол ешқашан қалмайды.
Қайырымдылық, ұйым жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады. Ауылдық округтерде ауданның этномәдени бірлестіктері қоғамдық келісім және аналар кеңестерімен бірлесіп, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған "Қайырымды Ел", "Время героев" қайырымдылық акциялар өтізіледі, "Сіздің жеңісіңіз-біздің өміріміз" және басқада акциялар өткізіп отырады.
Достық үйі қазақтар мен орыстарды, украиндар мен белорустарды, немістерді, татарларды біріктірді. Олардың барлығы ұлты мен діні бойынша әр түрлі, бірақ ең бастысы, олар біздің басты байлығымыз - қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтау, өздерінің ұлттық тамырларын, ғасырлар бойғы дәстүрлері мен мәдениетін бағалау қажеттілігін шын жүректен түсінеді.