
Жайлы, жарқын және әсем балабақша Саржал ауылының орталығында көрнекті жерде орналасады. Биылғы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Абай ауданының Саржал ауылында мемлекеттік және жеке серіктестік есебінен заманауи талаптарға сай балабақша құрылысының бой көтеруі бұл ауыл тұрғындарының үлкен қуанышына айналуда.
Жас кәсіпкер Ұлан Ақылбек өз халқының қамын ойлап, өз ісімен ауыл әлеуетін арттыруға қомақты үлесін қосты. Ол өз сөзінде:
– «Бар байлығымыз біздің балаларымыз, мен ауылдағы балабақша тапшылығын азайту үшін бар күшімді салудамын. Дәл осы тәрбие мәселесі саналы ұрпақты қалыптастырудың негізі», - деген болатын.