Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Абай ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Абай ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексінің 38, 42-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 2-тармағының 25) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17, 125-баптарына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Абай ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Абай атындағы мамандырылған мектеп-гимназия интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

2. Шығыс Қазақстан облысының білім, қаржы басқармалары осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә. Мархабатқа жүктелсін.