Салауатты өмір салты-салауатты ұлттың кепілі!

Салауатты өмір салты-салауатты ұлттың кепілі!

Бүгінде Шығыс Қазақстан облысының аймақ басшысы Даниал Кенжетайұлы Ахметовтың бастауымен спорт саласына көп көңіл бөлінуде. Спортты жан серігіне айналдырған жігерлі жастар облысымыздың ғана емес, еліміздің атын талай байрақты бәсекелерде абыроймен асқақтатып жүр.

 

Күршім ауданы бойынша жүйелі түрде шұғылдануға арналған  200-ге жуық спорттық нысан жұмыс жасайды. Атап айтсақ, 35 спорт зал, 12 шайбалы хоккей қорапшасы, 2 стадион, 2 ипподром, 1жабық бассейн және  спорттық құрылғылармен қамтылған 144 нысан.

 

Бүгінгі таңда Қалжыр ауылында спорт модулінің  құрылысы басталатын орында жер қазу жұмыстары аяқталып, арматура өрмелері төселді. Іргетасын құюға дайындық үстінде.

 

Аудандағы спортпен жүйелі түрде айналысатын тұрғындар саны 7450 адамды құраса, пайыздық көрсеткішке сәйкес 31,9% көрсетіп отыр.

 

2020-2021 оқу жылында аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 904 оқушы спорт үйірмелеріне қатысса, 4476 оқушы мектеп жанындағы секцияларда, 67 оқушы кәсіптік училищеде жаттығады.

 

Естеріңізге сала кетсек,  Қалжыр ауылындағы аталмыш спорт  нысанының құрылысы бойынша мердігер өкілі ЖШС «Qaz Constructioris» компаниясы.

 

Бұл спорт модульі 80 орындыққа шақталған.