Ағымдағы жылы Алтай ауданының Серебрянск қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады

Ағымдағы жылы Алтай ауданының Серебрянск қаласында  дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады

Ағымдағы жылы Алтай ауданының Серебрянск қаласында  дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады, ол қала тұрғындарына дене шынықтырумен және спортпен толыққанды шұғылдануға мүмкіндік береді, өйткені салауатты өмір салтын ұстануды қалайтындардың саны күн сайын артып келеді.

 

Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде жаттықтыру залы, бокс және күрес залы, 250 және 280 орынға арналған екі трибунасы бар ашық стадион жатады. Дене шынықтыру-сауықтыру кешенін іске қосу аудан тұрғындарына спортты бұрынғыдан да қол жетімді және қажетті  ете түседі және аудандағы бар спорт құрылымдарына жақсы қосымша болады. Аудан аумағында 165 спорт құрылымы әрекет етеді: 78 спорт алаңы, 16 Street Workout  спорт алаңы, 1 теннис корты, 2 спорт манежі, 2 шаңғы базасы, 72 жазық құрылыс, 1 хоккей модулі, 3 стадион, 14 футбол алаңы, 14 көп функционалды  корт, 45 спорт залы. 

 

Серебрянск қаласында ДШСК ашу 2022 жылға жоспарлануда.