Қазіргі кездесыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициалар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемелекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемелекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.
Жастардың алған білімдері оларды өмірде туындаған кез келген жемқорлық аталуымен кездестірмейтіндігіне сенгіміз келеді. Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы! Елдің болашағы – жас ұрпақтың қолында!
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңында сыбайлас жемқорлыққа мынадай анықтама берілген: бұл – «... жеке түрде немесе делдалдар арқылы мүліктік игіліктерді заңсыз алу және мемелекеттік қызмет атқарушы тұлғалардың, сондай – ақ оларға теңестірілген тұлғалардың өз лауазымдық өкілеттіктері мен өкілеттіктеріне қатысты мүмкіндіктерін мүліктік пайда табу үшін жеке басына пайдалануы, сондай-ақ аталмыш тұлғаларға жеке және заңды тұлғалардың көрсетілген игіліктер мен жеңілдіктерді құқыққа қайшы түрде пара ұсыну жолымен сатып алуы».
Қарапайым тілмен атайтын болсақ, сыбайлас жемқорлық – бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Сыбайлас жемқорлықты білдіретін белгілердің бірі пара алу не беру болып табылады.
Қазіргі заманда әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетірдірілу үстінде. Әлемде сыбайлас жемқорлықмен күресу механизімінің барлық елдерге тиімді болатын бірдей жинағы жоқ. Әрбір мемелекет қолданатын сыбайлас жемқорлықпен күресу әдістерінің жиынтығы өзгеше, ол елдің саяси және экономикалық тұрақтылығына ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне, діни ерекшелігі мен құқықтық мәдениет деңгейіне және аумағы бойынша алатын жеріне, халқының саны мен орналасу тығыздығына да байланысты болып келеді.
Еліміздің тәуелсіздік алған алғаш күнінен бастап мемлекет Ел Басымыз бәрімізде тек бір уайым – Қазақстан халқының амандығы және бір мақсат – Отанымыздың гүлденуі екендігін әрқашан атап көрсетеді. Бүгінгі таңда халқымыздың бірлігі мен елдегі тұрақтылық арқасында экономикамыз өркендеп, соның салдарынан азаматтарымыздың хал-ахуалы жақсарып келеді.
Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы орган жұмысының негізгі бағыты мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру болып табылады. Біздің де Бесқарағай аудандық Қазынашылық басқармасында тоқсан сайын аудандық прокуратура мен сот мамандарының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар мен семинарлар өткізіліп тұрады.
Бесқарағай аудандық
Қазынашылық басқармасының басшысы Нургаламов Нуржан Абдахметович