Электрондық құжат айналымы - бұл «қағазсыз іс жүргізу» тұжырымдамасын іске асыра отырып, электрондық түрде ұсынылған құжаттармен жұмыс істеу бойынша автоматтандырылған процестердің жиынтығы, ол әртүрлі құжаттармен электрондық форматта жұмысты ұйымдастыруға шақырады. Бұл құжаттардың сақталуын, өңделуін және қозғалысын білдіреді. Оның басты міндеті - адамды артық қағазбастылықтан құтқару. Бұл жеткізушілермен және клиенттермен жұмысты айтарлықтай жеңілдетеді.
Электрондық құжат айналымы келесі артықшылықтарды қамтамасыз етеді:
Бұдан басқа, көлік, пошта шығыстары мен басқа да шығыс материалдарының қысқартылуы байқалады. Электрондық құжат айналымы жүйелері қызмет түрлері сияқты көп болуы мүмкін, бірақ олардың ең жақсысын «Қазынашылық-клиент»АЖ деп атауға болады.
«Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің және қазынашылықтың аумақтық органдарының мемлекеттік мекемелермен, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен, уәкілетті мемлекеттік органдармен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен, мемлекеттік сатып алу субъектілерімен (Клиент) электрондық құжат айналымы жүйесі болып табылады. Функционалдық тұрғыдан ҚК АЖ іс жүзінде оның клиентін ұсына отырып және бірыңғай дерекқоры бола отырып, Қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің (ҚБАЖ) құрауышы болып табылады. Жүйе Қазынашылықтың клиенттер ұсынған қаржылық құжаттарды қабылдау және өңдеу жөніндегі функцияларын, сондай-ақ клиенттерге электрондық түрде есептілікті беру жөніндегі функцияларды автоматтандырды.
Қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін құрудың мақсаты Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың барлық деңгейлерде мемлекеттік бюджеттің атқарылуын пәрменді бақылауды қамтитын мемлекеттік қаржыны, міндеттемелерді тиімді басқаруын қамтамасыз ету болып табылады.
«Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесінің мақсаты қазіргі заманғы, интеграцияланған және тиімділігі жоғары ақпараттық ортаны ұсыну арқылы Қазынашылықтың қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелермен өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылады.
Бүгінгі таңда Қазынашылық комитетінің ақпараттық жүйелері бюджет процесінің негізгі кезеңдерін жүзеге асыруға, атап айтқанда мемлекеттік органдардың есепті кезеңге арналған шығыстар лимиттерін жоспарлауға, кірістер жинау мен оларды бөлуді қамтамасыз етуге, бюджеттің шығыс бөлігін орындауға, бюджет процесінің жай-күйі және бюджеттің атқарылуының қорытынды нәтижелері туралы есептілік қалыптастыруға, бюджет процесін бақылауға мүмкіндік береді, процестің барлық элементтерінің өзара байланыстылығына және олардың қарама-қайшылығына кепілдік береді.
«Қазынашылық-клиент» АЖ арқасында:
Сондай-ақ, қазынашылық жүйесінің қатысуымен Кеден одағын ұйымдастыруда елдердің ұлттық экономикалары интеграциялануда.
Көптеген сарапшылар Қазақстанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы Қазынашылықтың үздік заманауи интеграцияланған ақпараттық жүйесі қалыптасқанын мойындайды, сол үшін Қазынашылық комитетіне жоғары баға берілді.
Мемлекеттік органдарға шешімдер қабылдау үшін дұрыс және уақтылы қаржылық ақпаратты бере отырып, Қазынашылықтың ақпараттық жүйесі бюджет процесінің барлық бюджеттік деңгейлері мен кезеңдерінде бюджеттік рәсімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік қаржыны тиімді басқару үшін негіз болып табылады.
Бородулиха ауданы Қазынашылық басқармасының басшысы А. Бичуинова