Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай

Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай

18.05.2021 ж. тәулік ішінде КВИ 77 жағдайы тіркелді, оның ішінде 58 (75%) симптомдық және 19 (25%) симптомсыз. 18.05.2021 ж. тәулік ішінде COVID-19 сәйкестендірілмеген (пневмония) 17 жағдайы тіркелді, оның ішінде Өскемен қаласында – 8, Алтай ауданында – 3, Үржар ауданында – 3, Глубокое ауданында – 2, Риддер қаласында – 1.

 

КВИ-дің жаңа 77 жағдайының ішінде:

- 33 Семей қ. 32 с, 1с/з;

- 26 Өскемен қ. 18 с, 8 с/з;

- 5 Аягөз ауданында (Аягөз қаласы - 4) 3с; 2с/з;

- 5 Глубокое ауданында (Глубокое кенті-0) 2 с, 3с/з;

- 4 Көкпекті ауданында (Көкпекті ауылы-4) 1с, 3с/з;

- 2 Алтай ауданында (Алтай қаласы – 1) 2с/з;

- 1 Бородулиха ауданында (Бородулиха ауылы - 1) 1 с;

- 1 Зайсан ауданында (Зайсан қаласы – 1) 1с.

 

Облыс бойынша өсім қарқыны тәулік ішінде 0,4%, аптасына орташа өсім қарқыны - 0,4%, Өскемен қаласында – 0,4%, Семей қаласында - 0,5% құрады.

⠀

Сауығуына байланысты 13350 ковидті пневмониямен ауырған науқас инфекциялық стационарлардан шығарылды, 7475 симптомсыз вирус тасымалдаушыларының үй карантині аяқталды.

⠀

Жалпы облыс аумағында барлығы 26537 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде 18674 жағдай (70%) клиникалық симптомдармен, 7863 жағдай (30%) асимптоматикалық.

⠀

100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші – 1946,9 (республикалық көрсеткіш – 1944,9) құрады. Бақылауда байланыста болған 5522 адам мен 1471 инфекция ошағы қалып отыр.