Аягөз ауданы бойынша көп функцияналды жасанды жабдықталған жасыл алаңдар саны 49 және 20 спорт алаңдар бар

Аягөз ауданы бойынша көп функцияналды жасанды жабдықталған жасыл алаңдар саны 49 және 20 спорт алаңдар бар

Оның басым көпшілігі былтырғы, яғни 2020 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында салынды. Атап айтсақ, Аягөз қаласында 8 спорттық нысан, «Оңтүстік қалашық», Р Қошқарбаев, Маметова көш. футбол алаңдары, Шакенов көш., «Еткомбинаты», «Жаңа ауыл», «Геолог» мөлтек аудандарында және «Солтүстік» қалашықта спорт алаңдары салынды.
Сондай-ақ, аталған бағдарлама бойынша 5 ауылдық округке спорттық нысандар салынды, олар: Мамырсу, Қорық ауылдарында футбол, волейбол, баскетбол алаңы, Ақши, Айғыз, Сарыарқа ауылдарында стрит ворк аут алыңы.
Сонымен қатар, Шынқожа ауылында футбол алаңын қайта қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп, орталық стадионның жүгіру жолдары қайта жаңарды.
ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың елімізде 100 спорттық-сауықтыру нысаны салынуы тиіс деген тапсырмасына сай, «Ауыл-Ел Бесігі» бағдарламасы арқылы Ақтоғай кентінде денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды. Аталған нысанда 20- дан астам адам жұмыспен қамтылып, қазақ күресі, футбол, волейбол сияқты спорт түрлерінің бөлімдері ашылады деп жоспарлануда.
Биылғы 2021 жылы да бұл жұмыстар жалғасын таппақ. Ағымдағы жылы өскелең ұрпақтың бос уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтына баулу мақсатында 9 нысан салу және 1 нысанды ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарлануда. Оның ішінде Баршатас ауылдық округінде шағын футбол алаңын жөндеу және қосымша тағы бір алаң орнату жоспарланған. Street workout алаңдарын орнату Мамырсу, Майлин, Қарағаш ауылдарында және шағын футбол алаңын жаңадан Бидайық, Қарағаш, Айғыз, Мыңбұлақ ауылдарында орнату жоспарлануда.