Бородулиха ауданында жастар мен бұқара үшін спортты дамыту бағытында атқарылып жатқан істер аз емес

Бородулиха ауданында жастар мен бұқара үшін спортты дамыту бағытында атқарылып жатқан істер аз емес

Жалпы ауданда аз уақыттың ішінде 10 шағын футбол алаңы мен оның ішінде екі үлкен футболға арналған стадион салынды.
Жазғы маусымда футбол алаңдары ешқашан бос болмайды. Ауқымды аудандық немесе ауданаралық матчтар өтпеген кездері ауыл балалары мен жастары алаңда ала допты күн сайын ермек қылады.
Жезкент кентінде 2012 жылы салынған 3 жасанды жабынды алаң бар. Аудан орталығы Бородулиха ауылында 2014 жылдан бері төрт алаң іске қосылған болатын, оның ішінде 1 үлкен футбол алаңы және үш шағын футболға арналған алаң.  2018 жылы Новопокровка ауылында жаңа футбол алаңы салынып, жастардың игілігіне қызмет етуде, ал 2020 жылы Новодворовка ауылдық округіндегі Ивановка ауылында 1 шағын-футбол алаңы ашылды.  Күні кеше Новая Шульба ауылында ауыл жастары асыға күткен шағын-футбол алаңы жас футболшыларға есігін айқара ашты. Бұл да жастарды спортқа баулудың ең тиімді тәсілі.
Биыл Бородулиха ауылында Қазақстан көшесін абаттандыру шеңберінде демалыс орынымен бірге балалар спорт алаңын салу жоспарлануда.