Үржар ауданының спортшылары үлкен жетістіктерге жетуде

Үржар ауданының спортшылары үлкен жетістіктерге жетуде

16 мамыр күні Алматы қаласы, Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында Бекет Сапабекұлы Махмұтовтың құрметіне арналған жасөспірімдер мен жастар арасында дзюдодан Азия кубогы өтті.

Додаға Үржар ауылының тумасы, аудандық спорт мектебінің шәкірті Ануарбеков Ермахан 90 кг салмақ дәрежесінде I орынды иеленіп, жеңімпаз атанды.

Үржар ауданының әкімі Нұржан Тлеужанұлы Тоқсеитов Ең алдымен бапкері Айтқазы Архатқа алғысын білдіріп, спортшы Ануарбеков Ермаханды шын жүректен құттықтады.