Катонқарағай ауданында спортты дамыту үшін футбол алаңдары мен спорт алаңдарын салу жоспарлануда

Катонқарағай ауданында спортты дамыту үшін футбол алаңдары мен спорт алаңдарын салу жоспарлануда

2020 жылы Топқайың ауылында шағын футбол алаңына ағымдағы жөндеу жүргізілді. Приморский ауылында, жазғы сауықтыру лагерінің аумағында балалар спорт алаңын абаттандыру жүргізілді. Катонқарағай ауылында бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде.

.

        2022-2025 жылдары Солдатово, Новополяковка ауылдарында хоккей қорабымен бірге футбол алаңын,  Новохайрузовка ауылында жасанды жабынымен футбол алаңын салу жоспарлануда. Үлкен Нарын ауылында стадионды қайта құрып, жөндеу жоспарлануда.

.

Жалпы спортты дамыту және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастыру үшін ауданда 92 спорт алаңдары мен футбол алаңдары (балалардың жазғы алаңдары мен футбол алаңдары) бар, олар ауданның мектептеріне қарасты және ауданның  елді мекендерінде орналасқан. Аудан бойынша барлығы 40 футбол алаңы бар, оның 6-да жасанды жабыны бар. Үлкен Нарын ауылында 1 воркаут жұмыс істейді.